Атырауды Ақтаумен жалғастыратын автожолды салу 2004-жылы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауды Ақтаумен жалғастыратын автожолды салу 2004-жылы басталады

Атырауды Ақтаумен жалғастыратын автожолды салу 2004-жылы басталады

Атырауды Ақтаумен байланыстыратын автожолды салу 2004-жылы басталады. Автожолдар мен инфрақұрылымдық кешендерді салу жөніндегі басқарманың төрағасы Болат Нұрғалиевтің KZ-today тілшісіне хабарлауынша, аталмыш жобаны қаржыландыру жөніндегі несиелік келісімге Еуропалық Қайта құру және даму банкі қол қойды. Жобаның алдын-ала құны 200 млн. долларды құрайды.

  • 20 Маусым 2003
  • 408
Фото - Caravan.kz

Бүгінде бұл басқарма автожолдар мен көлік кешенінің инфрақұрылымдық нысандарын салу жөніндегі барлық мердігерлік шаралардың тапсырыс берушісі міндетін атқаруда. Басқарманың балансына республикалық маңызды 990 шақырым жолдар қамтылған. Биылғы жылы көлік және коммуникация министрлігі Атырау облысын басып өтетін ресубликалық маңызды автожолдарды күтімге алу , жөндеу және жобалау жұмыстарына арнап басқармаға 360 млн. теңге бөлген көрінеді. Жыл басынан бері бұл қаржының 105 млн-ы игерілді. Сондай-ақ, құны 118 млн. долларды құрайтын Атырау- Орал бағытындағы трассаны жаңалау жұмыстары қолға алынды. Бұл жоба 2005-жылдың соңында толығымен жүзеге асырылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар