Атырауға келген дәрігерлерге 300 пәтер берілуі мүмкін
Атырау облысына келіп, жұмыс істеймін деген тәжіриелі дәрігерлерге 300 пәтер беруге мүмкіндігіміз бар, деп хабарлады аймақ басшысы Бергей Рысқалиев. |
Әкімнің айтуынша, пәтерлер облыс орталығында, сонымен қатар дәрігерлер барам деген аудандарда да берілетін болады. Аймақта дәрігерлік мекемелерде кадрлық мәселені шешуге арналған арнайы бағдарлама да жасалды.
«Ауруханалар мен емханаларды кадрлық мәселені толықтай 2013 жылдың басына дейін шешуді көздеп отырмыз», - деп мәлімдеді Бергей Рысқалиев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін