Атыраулық 1 мың жас маусымдық жұмыспен қамтылады - kaz.caravan.kz
  • $ 508.5
  • 580.66
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраулық 1 мың жас маусымдық жұмыспен қамтылады

Атыраулық 1 мың жас маусымдық жұмыспен қамтылады

Атырауда соңғы 10 жылда тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан "Жасыл ел" жобасы аясында биыл жергілікті 1 мың жас жұмыспен қамтылады. Жауаптылар тұрғындарды қабылдау кезінде ең алдымен осал санаттағыларға баса назар берілетінін айтады. Ең белсенді жастарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталады

  • 21 Мамыр
  • 3
ФОТО: Жасыл ел/Атырау/инстаграм

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы жастарды жұмыспен қамти отырып, өңірде көгалдандыру бағытындағы шараларды жүзеге асырады. Экологиялық мәдениет қалыптастыруды көздейді. Бұл жоба 2015 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Оның аясында 16-35 жас аралығындағы 1 мың жасты маусым-тамыз айлары аралығында жұмыспен қамту көзделіп отыр. 

-Жоба жастарға тек бір айға жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мәселен, маусым айында жұмыс істеген жас, тамыз айында жұмыс істей алмайды. Өңір жастарының жобаға қызығушылығын арттыру мақсатында, бағдарлама аясында бүгінгі күнге дейін ірі акциялар мен көп шаралар өткізіліп келеді. Соңында белсенділік танытқан қатысушылар мен сарбаздарға арнайы сыйлықтар табысталып жүр. Сонымен қатар биыл командалық ойындар ұйымдастыру жоспарда бар. Жұмысқа толық қатысқан сарбаздар жобаның қорытынды кешінде дипломмен қатар үш айлық онлайн оқу курстарының сертификаттарын иеленетін болады. «Жасыл ел» жобасы Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Инфо Орталық» ҚБ ұйымдастыруымен жүзеге асырылады,-дейді Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы Жастар және әлеуметтік бастамаларды қолдау бөлімінің бас маманы Самал Сатханқызы.

Биыл «Жасыл ел» еңбек жасағының XXI-маусымы. 8-мамырдан бастап бүгінге дейін облыстық штат құрылып, сол кезден бері хабарландыру жұмыстары жүріп жатыр. Осы кезге дейін 1200-ден астам жас өз өтінішін білдірді. Әсіресе Қызылқоға, Құрманғазы, Исатай аудандары белсенді екен. Жастардың саны арта береді. Үш айда 3000-жуық өтініш түседі деп ойлаймыз. Сол жоспар аясында 1 мың жасты қамтылады. Жұмыс істейтін тұрғындарға арнайы киім мен қажетті заттар үлестріледі. 

-Тіркелу кезінде бір байқағанымыз, аудандағылардың белсенділігі ерекше. Әсіресе Қызылқоға ауданы жастарының белсенділігі өте жоғары. Биыл бізде өткен жылдағыдай шалғай ауылдық округтер, кенттер және ауылдық округтерді көбірек қамту жоспарда бар. Сол бағытқа баса назар аударамыз. 
Тіркелу кезіндегі бір ерекшелік, біз ең алдымен жұмысы жоқ, яғни NEET санатындағы жастарды, бала күтіміндегі аналар сынды қаржыға мұқтаж, әлеуметтік санаттағы адамдарды қабылдауға ден қоямыз. Кейін студенттер, оқушылар кезегімен алына береді,-дейді Самал Сатханқызы.

Тіркелу кезінде ескеретін жағдайлардың бірі, жұмысқа орналасатын адам өзінің тұрғылықты жерін анық жазып, соған сай учаскеге тіркелгені жөн екен. Жұмысқа сол бойынша қабылданатын болады. Аудандағы жастар осы ұйымдастырушылар өткізетін жобаның ашылу, жабылу салтанаттарынан тыс қалмайды. Бұл аудан жастарының белсенділігін арттыруға бағытталғанын айтады жауаптылар. Жұмыс уақыттары барлық ауданда, қалаларда бірдей. Таңғы сағат 09:00 бастап кешкі 18:00-дейін жалғасады. 16 мен 18-ге толмаған жастарға жұмысын 40 минутқа ерте аяқтауға болады. 

-Жұмысқа мүмкіндігі шектеулі жандар да белсенді түрде қатыса алады. Ол үшін ол азаматтардың дәрігерлерінен тиісті анықтамасы мен осал санатқа жататындығы жөніндегі құжаты керек. Жобаға тіркелу үшін онлайн платформаны қолдануға болады. «Жасыл ел Атырау» деген инстаграм парақшасы бар. Бұл парақша 2015 жылдан бері үздіксіз ақпарат таратып тұр. Онда ерікті жастар, экология жанашыр жастар тіркелген. Сол инстаграм парақшасында арнайы сілтеме бар. Сілтеме арқылы өтіп, арнайы форманы толтырып, өтініш жіберуге болады,- дейді «Инфо Орталық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрақбай Заманбек.

Жобаның биылғы негізгі бағыты абаттандыру мен көгалдандыру. Егер құрылыс бағытында да жұмыс болса оны да қарастырылады. 

-Тағы да айта кетсек, ұйымдастырушылар «Жасыл квест», «Жасыл пазл» шараларын өткізеді. Оған топпен қатысып, тігілген жүлде қорларын ұтып алуға болады. Жүлде қоры 150 мың теңге. Ол жастарға төленетін еңбекақыдан бөлек ақша. Одан бөлек әр ауданнан ең үздік деген сарбаздарды іріктейміз. Арнайы сыйлықтар табыстаймыз. Тіл курстарына қатысуға мүмкіндік ашамыз,- дейді «Инфо Орталық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрақбай Заманбек.

«Жасыл ел» жасағы арқылы жазғы демалысты тиімді пайдаланып, табыс табуға мүмкіндік алу үшін, тұрғынның жеке куәлігі, 18-ге толмаған жағдайда ата-анасының рұқсаты, тұрғылықты жері бойынша анықтама, жалақыны аудару үшін тіркейтін есепшоты қажет. Жұмыс істейтін жастарға жұмысқа кіріспес бұрын қауіпсіздік ережелері міндетті түрде түсіндіріледі. Әр аумаққа жауапты атқарушы орган өкілдері де болады, сол мамандар жұмыс барысын қадағалайтын болады.