Атыраулық әйел депутат күйеуінен 12 жыл зәбір көріп келгенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.16
  • 588.48
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраулық әйел депутат күйеуінен 12 жыл зәбір көріп келгенін айтты

Атыраулық әйел депутат күйеуінен 12 жыл зәбір көріп келгенін айтты

Ал депутат әйелін ешқашан ұрмадым деп мәлімдеді.

  • 3 Ақпан
  • 64
Фото: Ulysmedia.kz

Атыраулық әйел депутат күйеуінен зәбір көріп келгенін егжей-тегжейлі жазып, мемлекет басшысынан көмек сұрады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Лугзана Байлауованың Facebook парақшасында әйелдің соққыға жығылған суреттері дәлел ретінде көрсетілген.

Нұржамал Тажғалиева 12 жыл Атырау облыстық мәслихатының депутаты Айбар Ерекешовтің әйелі болған. Олардың төрт баласы бар. Әйелдің айтуынша, осы уақыт ішінде күйеуінен зәбір көрген және жылдар бойы соққы жеп жүрген. Әсіресе 2018, 2023 жылдары Нұржамал баласы әлі емізулі болған кезінде күйеуінен “таяқ жеген” екен. 

«2018 жылы бала емізіп отырған кезімде басымды телефонмен жарып жібергенінде екі рет полицияға арыздандым. Мені үстімдегі көгерген жерлер көрінбейтіндей ұратын. Ал 2023 жылы өзінің 120 келі салмағымен үстіме отырды. Бірақ өзі және ата-анасы айтқаннан кейін полицияға жазған арызымды қайтарып алатынмын. Балалар үшін түзелемін дейтін. 2023 жылы Атырау облысының мәслихат депутаттығына сайланамын деп арызды қайтадан қайтартып алды. Барлық арызым сақталған», — дейді Нұржамал. 

Әйелдің айтуынша, Айбар Еркешов ажырасқаннан кейін де балаларына ешқандай көмек көрсетпеген. Тіпті қазіргі уақытта жеке сот орындаушысының қаулысына сәйкес 5 989 670 теңге көлемінде алименттік қарызы бар.

Зәбір көрушінің сөзінше, қазіргі уақытта күн көретін табысы жоқ. Кішкентай баласымен декреттік демалыста. Сондай-ақ бұрынғы күйеуі балаларын өзінің қамқорлығына алу үшін сотқа шағым түсірген. Одан бөлек депутат әйелдің өз қаржысына балалары үшін алған пәтерін алып қою ниеті бар екенін де айтты.

«Мәслихат депутаты Ерекешовтің атына тіркелген атыс қаруы бар, ол бұл үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған, бұл жағдай менің және балаларымның қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Облыстық мәслихат депутаты Ерекешов мен өз қаражатыммен сатып алған, бірақ оның бір тиын да салмаған пәтерлерге негізсіз иелік етпек», — дейді депутаттың бұрынғы әйелі. 

Бұдан бөлек хатта құқық қорғау органдары Еркешовты қорғап отыр деген ақпарат та бар. Әйелді қорғаудың орнына, бұрынғы күйеуін мазалауын шектейтін бұйрық шығарған.

«Осы және басқа да жағдайлардың жұртшылыққа мәлім болып, бүкіл Атырау облысының депутаттық корпусына көлеңке түсіргенін қаламас едім, бірақ мәселеге қатысты Сізге, құрметті Президент, қорғауға жүгінуден басқа амалым жоқ. Айбар Ерекешовтің үстінен Қылмыстық кодекстің «Қорлау», «Денсаулыққа әртүрлі ауырлықтағы зиян келтіру», «Алимент төлеуден қасақана жалтару» баптары бойынша қылмыстық іс қозғауыңызды сұраймын. Оның маған қатысты заңсыз әрекеттерін тоқтатуға заң жүзінде көмек көрсетуін, полиция қызметкерлерінің қорғау нұсқаулығын тиісті түрде орындауын және өзімнің балаларымды тәрбиелеп отырған маған тиесілі пәтерлерге қатысты наразылығын және балаларды алып кету әрекеттерін тоқтатуын сұраймын», — делінген хатта.

Атырау полиция департаменті қазір тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

«Жарияланған суреттер 1987 жылы туған азаматтың өтініші бойынша 2018 және 2023 жылдары тіркелген. Сол жылдары өтініштер де тіркелді, бірақ өтініш берушінің өтініші бойынша кері қайтарып алынды. Алайда, 2024 жылы азаматтың өзінің де, бұрынғы күйеуінің де арызы негізінде қайтадан қорғау бұйрығы шығарылды. Арыз мәтіні бойынша олар бір-біріне телефон шалу арқылы мазалаған. Заң аясында полиция қызметкерлері тиісті шаралар қабылданды», — делінген хабарламада.

2 ақпанда Айбар Ерекешов әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, қазіргі жағдай туралы қолданушылардың сұрақтарына жауап берді.

Ол әйелінен полицияға ешқандай мәлімдемелер болмағанын және жазғандарының бәрі жала екенін атап өтті.

«Мен Нұржамалмен ресми түрде 2023 жылы ажырасып кеттім. Иә, 2018 жылы басынан жарақат алған болатын, бірден ауруханаға барды. Бірақ оқиға қалай болғанын нақтылап айту керек. Ол үйге мас күйде келіп, құлап түсті. Артынша жол апатына түсіп, басынан жарақат алды. Ол кезде бірге тұрмайтынбыз», — деп ақталды мәслихат депутаты.