Атыраулық артистер Анкарада өтетін «Түркиядағы Қазақстан күндері» фестиваліне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраулық артистер Анкарада өтетін «Түркиядағы Қазақстан күндері» фестиваліне қатысады

Атыраулық артистер Анкарада өтетін «Түркиядағы Қазақстан күндері» фестиваліне қатысады

Атыраулық әртістер Анкарада 13 қазанда бастау алған «Түркиядағы Қазақстан күндері» фестиваліне қатысады, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

  • 13 Қазан 2011
  • 498
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, «Түркиядағы Қазақстан күндері» фестивалі біздің еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған. «Түркия Республикасының үш ірі қаласында, оның ішінде Стамбул, Аданда Қазақстанның барлық аймақ әртістерінің қатысуымен қазақ мәдениетінің күндері өтеді», — деді облыстық әкімдіктен.

Хабарда айтылғандай, Атырау екі ұжыммен қатысады. Олар: Д. Нұрпеисова ат. аккадемиялық оркестр мен облыстық филармония жанындағы «Дарын» балалар хоры

«Бір қызығы, «Дарын» хорын түркиялықтар балалардың «Әнші балапан» телефестивалі кезінде байқап қалыпты», — дейді әкімдіктегілер.

«Түркиядағы Қазақстан күндері» фестиваліне фольклорлық және хор ұжымдары, аспаптық топтар, вокалшылар, суретшілер, сән үйлері, балалар театрлары қатысады.

«Түркиядағы Қазақстан күндері» фестивалі 20 қазанға дейін жалғасады.

Перейти к новостям спорта