Атыраулық дәрігерлер: Халық бізге “жаналғыш” сияқты қарайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраулық дәрігерлер: Халық бізге “жаналғыш” сияқты қарайды

Атыраулық дәрігерлер: Халық бізге “жаналғыш” сияқты қарайды

Атырауда тоңазытқышта тірідей көз жұмған сәбидің оқиғасынан кейін перинаталдық орталықтағы ахуал ушығып кеткен.

  • 9 Қазан 2019
  • 44
Фото - Caravan.kz


Мұнда жұмыс істейтін 400-ге жуық ақ халаттылардың тең жартысы жұмыстан кетеміз деп отыр. Себебі жұрт тарапынан қысым көбейіп кетіпті. Босануға келген келіншектердің туған-туыстары өздеріне "жаналғыш" тәрізді қарайтындарын айтады.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Нәрестені тоңазытқышта тығып өлтірген оқиғадан кейін перинеталдық орталықтағы ахуал күрт нашарлап кеткен. Онда жұмыс істейтін дәрігерлер өздеріне деген қоғам көзқарасының өзгергеніне қапалы. Бұл моральдік-психологиялық жағынан ауыр тиіп жатыр дейді. Осындай оқиғадан соң
көбісі жұмыстан шығуға арыз жазуда екен. Бүгінгі күннің өзінде жартысынан көбі өз еркімен кетуге бел буыпты. Өйткені жуырда ғана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәлімдемесі, мамандардың ашуына тиген көрінеді.

 ҚОЛҚАНАТ МЕДЕТОВ, РЕАНИМАЦИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Антикорпуционный комиттеттің  брифинг өткізіп соттың нағыз шешімі шықпай, жала жапқаны. Екіншіден халық бізге қарай кір жағып, неше түрлі сөз айтты. Психологиялық атака жасады.

 БАХЫТ ШОҚАБАЕВА, ГИНЕКОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ : —
«О том, что виноваты они или не виноваты, мы это не можем знать. И никто не может сказать, пока не было решения суда. Ну, дайте нам работать!»

Одан бөлек, орталыққа келген жүкті  келіншектердің туған-туысқандары, бауырлары да дәрігерлерді қорқытып, сес көрсеткен. Тіпті, әдейі телефонға түсіріп, писхологиялық-моральдік қысым жасады, дейді босану бөлімінің меңгерушісі Айгүл Шамалина.

 АЙГҮЛ ШМАЛИНА, БОСАНУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: «Барлық дәрігерлерді «убица» деп, осы перинаталдық ортылықты 17 жыл жұмыс істеп убица деген атақты бірінші рет естіп отырмыз. Себебі, өзіміздің жұмсымызды жақсы көреміз, іште әйелдер жүкті партнерлар психологиялық атака деуге болады. Барлығы бізді дәрігер деп санамайды! Баламен ананы өлтіретін оңбағандар,  жалмауыздар ма, қалай деп айтуға болады?».

КСМ: Осылайша дауға қалған перинаталдық орталыққа қатысты жағдай ушығып тұр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзаева іштегі ахуалды реттеуге
тырысып жатқанын айтады. Оның сөзінше, министрлік  дәрігерлерді сабырға шақырып, көбісін алып қалуға тырсып жатыр екен.

МӘНШҮК АЙМҰРЗИЕВА,ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
“Сосын ұжымға айтып жатырмын, бірлесіп жұмысымызды ақтарайық! Бір қате кеткен шығар. Шынымен де кінәлі жағдай жасады ма, оны ары қарай өршітіп, жұмыстарын жоққа шығаруға болмайды”.

Дәрігерлердің жаппай жұмыстан кетуіне себеп болған тоңазықтқышта тірідей көз жұмған  сәбидің ата-анасы да құзырлы органдарға арыз жазыпты.

ЦИТАТА.«Ол біздің тұңғыш баламыз еді. Осы жылдың сәуір айында шаңырақ көтердік. Босанғаннан кейін маған дәрігерлер «нәресте өлі туды» деп айтты. Жолдасым құзырлы органдарға арыз жазды. Сіздерге басқа ештеңе айта алмаймын».

ШЕТІНЕП КЕТКЕН СӘБИДІҢ АНАСЫНЫҢ TENGRINEWS.KZ ПОРТАЛЫНА БЕРГЕН СҰХБАТЫНАН  
Бұл перинеталдық орталықтағы дау өткен аптада басталған еді. Перзентхана бас дәрігері мен аккушері туа сала жыламаған баланы өлдіге санап, құжат толтырыпты. Алайда, нәресте
тіршілік белгілерін бере бастағанда оның өмірін сақтап қалуға еш әректе етпеген. Сөйтіп, құжатты қайта рәсімдеуге ерініп, бейкүнә сәбиді тоңазытқышқа салып тастапты. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, екеуі де қамауға алынды. Қазір тергеу жүруде.

Соңғы жаңалықтар