Атыраулық кәсіпкер 500 марафоншының жарнасын төлеп берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраулық кәсіпкер 500 марафоншының жарнасын төлеп берді

Атыраулық кәсіпкер 500 марафоншының жарнасын төлеп берді

Атыраулық кәсіпкер «Atyrau Marathon-2018» 10 шақырымына жүгіретіндерге 500 орын сатып алды.

  • 5 Мамыр 2018
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  ҚазАқпарат тілшісі ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

«Atyrau Marathon-2018» аясында биыл 42 шақырымдық негізгі қашықтықтан бөлек әуесқойларға арналған 10, 4, 5 шақырымға жүгіру ұйымдастырылады. «Биыл марафонға қатысу ақылы, 42 км қашықтыққа жарна — 3 мың теңге, 10 км — 1 мың теңге. Ал 4,5 км қашықтыққа қатысу тегін. Студенттер мен зейнеткерлерге де қатысу тегін», — дейді ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Юрий Пономарев. Кәсіпкер Ерлан Табылдиев жеңіл атлетиканы насихаттау мақсатында 10 шақырымға жүгірушілер үшін 500 орынды сатып алған, ол жарыс басталар кезде сөреде қатысамын деушілерге таратылады. «Қаламызда марафонға қатысқысы келетіндер қатары көп, жүгірмеуге сылтау табатындарда бар. Осы қадамым арқылы 10 шақырымға жүгіруге қатысатындарды ынталандырғым келді», — дейді кәсіпкер. 10 шақырымдық жүгіру басталатын сөреде тіркеу орны болады, қатысуға ниеттілер сол жерге келіп, тегін тіркеле алады. 10 мың метр қашықтықтың сөресі Әбілқайыр хан даңғылында, Уорлей Парсонс алаңы мен Мұз сарайының арасында. Қатысушылардың жиналу уақыты — 8.00-9.15. Қатысушыларға қолайлы болу үшін сағат 8.00-де Исатай-Махамбет алаңында автобус ұйымдастырылады. 42 195 м қашықтыққа жүгірудің сөресі Мұз айдынының алдында. Қатысушылардың жиналуы сағат 6.00-да. Жарыс 7.00-де басталады. Қатысушыларға қолайлы болу үшін сағат 6.00-де Исатай-Махамбет алаңында автобус ұйымдастырылады. 4 500 м қашықтыққа жүгіру сөресі Сәтбаев көшесінде орналасады, Исатай-Махамбет алаңына қарсы бетте. Қатысушылардың жиналу уақыты 7.30-да, жарыс 9.00-де басталады.



 

Соңғы жаңалықтар