Атыраулық кәсіпкер Есентаевамен байланысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.84
  • 537.4
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраулық кәсіпкер Есентаевамен байланысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды

Атыраулық кәсіпкер Есентаевамен байланысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды

Ғаламторда таяу арада продюсер Баян Есентаеваның бұрынғы күйеуімен арасында болған жанжал оның танымал атыраулық кәсіпкер, NSS ("Не

  • 19 Қыркүйек 2016
  • 477
Фото - Caravan.kz

Ғаламторда таяу арада продюсер Баян Есентаеваның бұрынғы күйеуімен арасында болған жанжал оның танымал атыраулық кәсіпкер, NSS ("НефтеСтройСервис") компаниялар тобының қожайыны Ибрагим АҚДРАШЕВПЕН ара қатынасы бар болуы салдарынан орын алды деген ақпарат пайда болды, деп жазады Ақ Жайық газеті.

Бұл қауесетті Ринат БЕКТАСҰЛЫ деген пайдаланушы таратқан, ал содан кейін осынау тексерілмеген мәліметті кейбір ақпараттық порталдар мен республикалық газеттердің сайттары жариялауға асықты. Ринат әлеуметтік Фейсбук желісіндегі өзінің парақшасында былай деп жазыпты:

Image 0

Алайда кейінірек ол өз парақшасындағы осы постты жойып тастаған.

Дегенмен де, бұл жарияланымдардың барлығы – мүлдем өтірік, мен Баян Есентаевамен таныс емеспін. Тіпті өмірімде оны бетпе-бет көрген де емеспін. Мен бұл лас қауесеттерге мән бермес едім, алайда Есентаеваның өмірінде сұмдық отбасылық трагедияның орын алғаны белгілі. Бұған басқа қазақстандықтар секілді, мен де тек аяушылық пен шынайы тілектестік білдіре аламын. Мен туралы жалған ақпараттың таралуына келер болсақ: бұл бірінші рет орын алып отырған жоқ. Айтпақшы, жала жапқаны үшін бірнеше жыл бойына мұндай іспен әлденеше рет айналысқан екі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Және соңғы шыққан жалған жарияланымға қатысты мәселемен де біздің заңгерлеріміз айналысуда, дейді Ибрагим Ақдрашев.

Ал бұл уақытта қауесеттің кеңінен тарағаны соншалық, Фейсбук қолданушылары Ибрагим Ақдрашевтің өзінің жеке парақшасын комментарийлерге толтырып тастады. Басым көпшілігі, мұны бәсекелестер мен қастық ойлаушылардың ісі деп есептейді.