Атыраулық полицейлер дорба толы орден тауып алған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраулық полицейлер дорба толы орден тауып алған

Атыраулық полицейлер дорба толы орден тауып алған

Атырауда бір дорба толы орден-медаль табылды. Барлығы Екінші дүниежүзілік соғыста майдангерлерді марапаттаған төсбелгілер. Иесін қазір полиция іздеп жатыр.

  • 3 Қыркүйек 2015
  • 295
Фото - Caravan.kz

Тәртіп сақшылары түнгі кезекшілікте жүргенде қаладағы гараждардың  бірінің қасында тығулы жатқан дорбаны тапқан. Ішінде белгісіз майдангерге тиесілі 16 орден-медалі бар екен. Арасында Қызыл Жұлдыз, Даңқ ордені секілді құнды төсбелгілер де бар. Соған қарағанда, сұғанақтар ардагердің үйін тонаса керек. Тәртіп сақшылары «ұрлық» бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Берікқали Жанұзақов, Атырау қалалық ІІБ бастығының орынбасары:

— Табылған 16 дананың  бәрінің де өздерінің нөмірлері бар. Нөмірлеріне сәйкес кезінде кімге берілгенін анықтау мүмкіндігіміз бар. Егер де анықталған жағдайда сол иесіне қайтарылады. Егер иесі  табылмаған жағдайда  Атырау қалалық ішкі істер бөлімінің мұрағатына тапсырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар