Жарияланды: 300

Атыраулық құтқарушылар Каспийде жоғалып кеткен балықшыларды іздестіріп жатыр

Балық аулау үшін Каспийге шығып, із-түссіз жоғалып кеткен Атырау облысы Исатай ауданының төрт азаматы іздестіріліп жатыр.

Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Інжу-Маржан» өндірістік кооперативінің балықшылары дүйсенбі күні теңізге шығып кеткен көрінеді. Сол күні кооператив пен аудан әкімдігі қызметкерлері, су-құтқару қызметі мамандары балықшыларды іздеп шыққан. Бірақ, қалың тұман салдарынан іздеу жұмыстары нәтиже бере қоймапты. Іздеу бүгін таңертең қайта жалғасты, делінген хабарламада.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін