Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Інжу-Маржан» өндірістік кооперативінің балықшылары дүйсенбі күні теңізге шығып кеткен көрінеді.
Сол күні кооператив пен аудан әкімдігі қызметкерлері, су-құтқару қызметі мамандары балықшыларды іздеп шыққан. Бірақ, қалың тұман салдарынан іздеу жұмыстары нәтиже бере қоймапты. Іздеу бүгін таңертең қайта жалғасты, делінген хабарламада.
Атыраулық құтқарушылар Каспийде жоғалып кеткен балықшыларды іздестіріп жатыр
