Атыраулық шекарашылар Ресейге бір тоннадай бекіре тұқымдас балықтарды алып шығуға әрекет жасаған Қазақстан азаматын ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраулық шекарашылар Ресейге бір тоннадай бекіре тұқымдас балықтарды алып шығуға әрекет жасаған Қазақстан азаматын ұстады

Атыраулық шекарашылар Ресейге бір тоннадай бекіре тұқымдас балықтарды алып шығуға әрекет жасаған Қазақстан азаматын ұстады

Атыраулық шекарашылар Ресейге контрабандалық жолмен бір тоннадай бекіре тұқымдас балықтарды алып шығуға әрекет жасаған Қазақстан азаматын ұстады. Бұл туралы бүгін, 1-қарашада ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған.

  • 1 Қараша 2004
  • 510
Фото - Caravan.kz

Шекара бұзушы ГАЗ-66 жүк көлігімен Ганюшкино ауылынан Қонық-Терекке бет алған. Жүк пен автокөлік құжаттарының жоқтығы оларды тұтқындауға түрткі болды.

Сондай-ақ, тағы да Ресейге бет алған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды. Ол ЛуАЗ автокөлігімен тиісті құжаттары жоқ 300 мың теңгенің күнделікті тұтыным тауарларын өткелекті айналып өту арқылы жасырын алып өтпек болған. Осы дерекке қатысты іс пен жүк кеден қызметкерлеріне табысталды.
Сонымен бірге Қостанайлық шекара отрядының шекарашылары 8 килоға жуық марихуананы алып өтуге әрекет жасаған есірткі саудагерін ұстады. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі тасушы «Қайрақ» заставасы маңында мемлекеттік шекараға қарай жаяу жол тартқан жерінен ұсталды.
Ал Қостанай отрядының «Убаган» заставасының шекарашылары жеке меншік ВАЗ-21099 автокөлігімен Қазақстанға бет алған Ресей азаматын ұстады. Жедел ақпарат бойынша, көршілес мемлекеттің азаматы тіркеусіз, 12 калибрлі МЦ-21 қаруы мен оның 5 бос гильзасын әкеле жатқан. Бұл дерекке қатысты іс тексеру үшін аудандық ІІБ-ына берілді.

Перейти к новостям спорта