Атыраулық жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне Т300 млн-нан аса қарыз
Атыраулық жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне Т300 млн-нан аса қарыз, деп мәлім етті облыстық бақылау және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Тимур Естібаев. |
«Бірінші жарты жылдықта 21 ұйымның жұмыскерлерінің алдында жалақы бойынша 310 млн теңгені қарызы бар екені анықталды. Бұл кәсіпорындарға қарсы әкімшілік шаралар қолданылды, кейбіреулерінің материалдары қарызды мәжбүрлі түрде өтеу үшін сотқа берілді. Нәтижесінде 212 миллион теңгенің қарызы өтелді», - деді Т.Естібаев.
1 шілдедегі жағдай бойынша «Атыраумунайгазгеология–Бурение» ЖШС, «AB Group», «Жаңа Құрылыс-Атырау» кәсіпорындарында жұмыскерлерінің алдында Т98 млн көлемінде қарыздары қалды.
Т.Естібаевтың айтуынша, «AB Group» ЖШС-інде 760 жұмыскердің алдында Т110 млн көлеміндегі қарызы қалды. Бұл жұмыс берушіні департамент әкімшілік жауапкершілікке тартып, Т282 мың көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Материалдар қарызды мәжбүрлі түрде өндіріп алу үшін сотқа жолданды. Нәтижесінде 233 жұмыскердің жалақысы бойынша қарыз Т38 млн-ға дейін азайтылды. Қазір кәсіпорын таратылып жатыр. Кәсіпорын басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Атыраумұнайгазгеология-Бурение» ЖШС 127 жұмыскерінің алдында Т54 млн қарызы қалды, кәсіпорын жұмыс істеп жатыр, оның басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Бүгінгі күні 27 жұмыскеріне Т4,7 млн қарыз «ЖаңаҚұрылысАтырау» ЖШС-інен қарызды өндіріп алу мәселесі шешілмеген күйі қалып отыр. Кәсіпорын жұмыс істемейді, басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кәсіпорын басшылығының қайда жүргені белгісіз, телефон қоңырауларына ешкім жауап бермейдң. Құқық қорғау органдары директорды іздестіріп жатыр», - деді Т.Естібаев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін