Атыраулықтар үй іргесіндегі май құю бекетінің жабылғанын қалайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраулықтар үй іргесіндегі май құю бекетінің жабылғанын қалайды

Атыраулықтар үй іргесіндегі май құю бекетінің жабылғанын қалайды

Атырауда тұрғындар жанар-жағар май бекетінің жұмыс істеуіне қарсылық білдірді. Өйткені, станса үйлерінің дәл қасында орналасқан. Құрылыс жұмыстары басталған сәтте-ақ, наразылық танытқан халық прокуратураға да шағымданып, сот та «нысан сүрілу керек» деген шешім шығарған. Бірақ алақайлаған тұрғындардың қуанышы ұзаққа бармады. Жанар-жағар май бекетінің басшылығы қайта талап арыз беріп, іс солардың пайдасына шешілді.

  • 26 Тамыз 2015
  • 303
Фото - Caravan.kz

Тұрғындардың түн ұйқысын төрт бөліп, мазасын алған – мына жанар-жағар май құю бекеті. Құрылысы басталғанда-ақ халық қолына арыз-шағымын алып, тиісті орындардың есігін қаққан. Бірақ, сол кездегі жергілікті билік бұл жерде балалар алаңының салынатынын айтып, сабырға шақырған. Өкінішке орай, алаң емес, жанар-жағар май құю бекеті іске қосылды. 

Салима Қалиева, Атырау қаласының тұрғыны:

— Удан қашып келіп, уға тап болып отырмыз. Бір ғана жастар көшесінің бойында 5 заправка бар. Какая надобность мынаны тағы қоюға? Тап есігіміздің алдында. Бұрынғы санитарлық зона жайына қалды. Опасный зонаға кіріп кеттік.

Тұрғындардың «удан қашып келдік» дегені бекер емес. Бұл ықшамауданның халқы сонау 2005 жылы Теңіз кен орнының санитарлық аймағында орналасқан «Сарықамыс» ауылынан қалаға көшірілген. Тұрғындар бұл жерден дүкен ашып, кәсіптерін де дөңгелетпек болыпты. Бірақ, қарапайым адамдарға тиісті орындар рұқсат бермей қойған.

Толқын Мәметова, Атырау қаласының тұрғыны:

— Кәсіпкерлер жеке дүкен ашамыз деп сұрады. Оған мағлұмат берілген жоқ. Қазір қандай немен келісіп отырғанын білмим, бұлар өзінің келісімін алып, халықты шетке ысырып тастап, ашып алып отыр.

Оңайша Есенғалиева, Атырау қаласының тұрғыны:

— Мынау ашылғалы түнімен жатқызбайды. Машиналар үй алдында соғысады. Адам жүретін тротуар бар еді, оны да алып тастады.

Ашуға булыққан атыраулықтардың арынын баспақ болып келген жанар-жағар май құю бекетінің өкілдері де жағдайды өздерінше түсіндіріп бақты. Айтқандарына сенсек, бекет орналасқан нысан 2012 жылы сатып алынған. Үйлерге жақын тұрғанымен, одан келер қауіп жоқ көрінеді.

Саят Әбенов, жанар-жағар май құю бекетінің өкілі:

— Қауіптілігі 5 класқа жатады. 50 метр қашық болу керек деген үйлерден. Ол талапты сақтадық. Санэпидемиологтардан да, экологтардан да келісім бар. Жер телімін беру туралы да шешім қолымызда.

Айқайды естіп, әкімдік өкілдері де жетті. Бірақ қала басшысының орынбасары  жағдайдан хабарсыз болып шықты. Ол тек жанар-жағар май бекетінің құжаттарын қайта тексермекке уәде етіп, құтылды. 

Соңғы жаңалықтар