«Атырау-Маңғышлақ» құрамы вагонындағы өрттің себебі қысқа тұйықталудан болды
![]() |
«Атырау-Маңғышлақ» жолаушылар құрамының вагонындағы өрттің себебі жолсерік купесіндегі электр қалқанындағы қысқа тұйықталудан болды, деп хабарлады Атырау көлік прокуроры Болат Қалықов. |
Б.Қалықовтың айтуынша, бұл алдын ала нұсқа. Өрттің егжей-тегжейін қазірдің өзінде жұмысқа кірісіп кеткен арнайы комиссия анықтайды.
Еске сала кетейік, төтенше оқиға 4 қаңтар күні 20.15-те № 314 «Атырау-Маңғышлақ» жолаушылар пойызының құрамындағы №12 вагонда, Құлсары-Бейнеу учаскесінде орын алды. Өртке байланысты пойыз тоқтатылып, вагон құрамнан ағытылды. Вагонда болған 51 жолаушы басқа вагондарға орналастырылды. Ешкім де зардап шеккен жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін