Б.Қалықовтың айтуынша, бұл алдын ала нұсқа. Өрттің егжей-тегжейін қазірдің өзінде жұмысқа кірісіп кеткен арнайы комиссия анықтайды.
Еске сала кетейік, төтенше оқиға 4 қаңтар күні 20.15-те № 314 «Атырау-Маңғышлақ» жолаушылар пойызының құрамындағы №12 вагонда, Құлсары-Бейнеу учаскесінде орын алды. Өртке байланысты пойыз тоқтатылып, вагон құрамнан ағытылды. Вагонда болған 51 жолаушы басқа вагондарға орналастырылды. Ешкім де зардап шеккен жоқ.