Жарияланды: 820

«Атырау-Маңғышылақ» пойызында өрт болды

Атырау облысында Құлсары стансасынан 57 шақырым жерде кеше сағат 20.35-те «Атырау-Маңғышылақ» бағыты бойынша қозғалған №314 жолаушылар пойызының №12 вагонында өрт болды, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нан.

Вагон негізгі құрамнан ажыратылды, жолаушылар (51 адам) басқа вагондарға ауыстырылды. Пойыз алған бағыты бойынша қайта жөнелтілді. Бұл оқыс оқиға басқа пойыздардың қозғалысына кедергі келтірген жоқ. Өрт сағат 23.00-де сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздақтауға ҚР ТЖМ Атырау облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 3 техникасы, Атырау теміржол бөлімінің 19 адамы мен өрт пойызы жұмылдырылды. Жалын 160 шаршы метрді шарпыды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін