Caravan Logo

«Атырау-Маңғышылақ» пойызында өрт болды

«Атырау-Маңғышылақ» пойызында өрт болды

Вагон негізгі құрамнан ажыратылды, жолаушылар (51 адам) басқа вагондарға ауыстырылды. Пойыз алған бағыты бойынша қайта жөнелтілді. Бұл оқыс оқиға басқа пойыздардың қозғалысына кедергі келтірген жоқ. Өрт сағат 23.00-де сөндірілді.

Тілсіз жауды ауыздақтауға ҚР ТЖМ Атырау облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 3 техникасы, Атырау теміржол бөлімінің 19 адамы мен өрт пойызы жұмылдырылды. Жалын 160 шаршы метрді шарпыды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.