«Атырау-Маңғыстау» пойызында әйелді босандырған жолсерік сыйақы алатын болды
![]() |
«Атырау-Маңғыстау» пойызында толғағы қысқан әйелді аман-есен босандырып алған жолсерік Ақөмір Құлбаева сыйақы алатын болды. |
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Тимур Асылханов өзінің fasebook-тағы парақшасында жазды.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Бейнеу ауылының тұрғыны С.Оразалиева Атырау-Маңғыстау бағытындағы пойызда босанған болатын. Перзентхана қызметкерлерінің айтуынша, дүние есігін жол үстінде ашқан қыз баланың денсаулығы жақсы, оның салмағы 3 келі 550 грамм, бойы 51 сантиметр. Бала мен ана өздерін жақсы сезінуде.
«Бұл Жаңа жылда жолда дүниеге келген алғашқы нәресте. 11 қаңтар таңертеңгі 6:00 сағатта Атырау-Маңғыстау пойызының жолсерігі Ақөмір Құлбаева жолаушыны босандыруға көмектесті. Қыз бала туды, ол 3 келі 550 грамм тартады, бойы 51 сантиметр. Ақөмір өзінің еңбек жолында үш рет босануға қатысқан. Оған сыйақы беру жөнінде қолдаухат жазамыз», - деп атап өтті Т.Асылханов.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін