Атырау-Орал бағытындағы тас жолды жаңалау жұмыстары 2004-жылдың тамыз айында аяқталады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау-Орал бағытындағы тас жолды жаңалау жұмыстары  2004-жылдың тамыз айында аяқталады

Атырау-Орал бағытындағы тас жолды жаңалау жұмыстары 2004-жылдың тамыз айында аяқталады

Атырау-Орал бағытындағы республикалық маңызы бар тас жолды жаңалау жұмыстары 2004-жылдың тамыз айында аяқталады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Атырау облыстық республикалық маңызды автожолдар басқармасынан хабарлады.

  • 19 Қараша 2003
  • 519
Фото - Caravan.kz

Басқарма бастығы Болат Нұрғалиевтың мәліметіне сүйенсек, қазіргі жағдаймен Атырау облысының аумағы арқылы өтетін 184 шақырымдық автожол тармағының 182 шақырымының іргетасы қаланып, 100 шақырымына төселетін қиыршық тас әзірленді, ал 90 шақырымының 6 см-лік төменгі қабаты төселсе, 55 шақырымының 4 см-лік жоғарғы қабаты төселді.

Сондай-ақ, Махамбет ауылына дейінгі жол тармағы да салынып бітті. Бұл жолдың сыртқы жиектерін жөндеп, жол белгілерін орнату ғана қалып отыр.
Қазіргі күн райы жолға асфальт төсеуге мүмкіндік береді, сол себепті жол салу жұмыстары алдағы жылдың көктеміне дейін жалғасады дейді Б.Нұрғалиев.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Атырау-Орал тас жолының жалпы ұзындығы 488 шақырымды құрайды. Оны жөндеуге 118 млн. доллар бөлініп отыр.
Б.Нұрғалиевтің айтуынша, сондай-ақ, биыл Атырау-Досор-Мақат-Жамансор бағытындағы автожолды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 159 млн. теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар