Бойжеткен өзіне ағыл-тегіл қаражаттың қайдан келетінін жайып салды. Бұл жайында бойжеткен Telegram парақшасында жариялады.
«Мені көбісі «агашкалардың» арқасында өмір сүріп жүр деп ойлайды. Осындай сұрақ қойған уақытта мен де «иә», «солай» деп жауап қайтарамын.
Бірақ ақылдарыңызды іске қосып көріңіздерші.
Мен қарапайым 2007 жылғы bmw маркалы көлікпен жүремін. Оның өзін әлеуметтік желідегі парақшаларыма жарнама салу арқылы табамын.
Тіпті «Zara», «Bershka» секілді киім дүкендерінен киінемін. «Dolce» мен «Chanel» секілді брендтерді алған емеспін», — деп бойжеткен өзінің таза еңбегімен өмір сүретінін жайып салды.