Атышулы экс-депутат тағы да төсін жалаңаштады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атышулы экс-депутат тағы да төсін жалаңаштады

Атышулы экс-депутат тағы да төсін жалаңаштады

Динагүл Тасова сән көрсетілімінде грузин дизайнері тіккен көйлекті киіп шықты

  • 18 Сәуiр 2019
  • 181
Фото - Caravan.kz

 Атышулы модель, экс-депутат Динагүл Тасова Kazakhstan Fashion Week сән апталығының ашылуына қатысты, деп жазды sputniknews.kz

Грузин дизайнері Кети Чхиквадзенің коллекциясын көрермен назарына ұсынған кезде қазақстандық ару подиумға тағы да ашық-шашық көйлек киіп шықты. Қара дақтары бар ашық жасыл түсті ұзын көйлекті модель іш киімсіз киген.

Тасова подиумда бірінші рет төсін жалаңаштап отырған жоқ. Бұдан бұрын да сән көрсетіліміндегі образы желі қолданушыларын дүрліктірген еді.

Сол кезде көптеген қазақстандық төсін жалаңаштап шыққан аруды қатты сынға алған болатын. Арада біраз уақыт өткен соң Динагүл Тасова әлеуметтік желіде суретін жариялап, жігітінің соққыға жыққанын айтты.


Былтыр қараша айында Тасова "ТМД топ моделі — 2018" халықаралық сұлулық байқауының финалына шығып, "Медиамодель" титулын иеленді.