Атышулы іс бойынша сотталған Қайрат Жамалиевтің мерзімінен бұрын түрмеден шығуы неғайбыл - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атышулы іс бойынша сотталған Қайрат Жамалиевтің мерзімінен бұрын түрмеден шығуы неғайбыл

Атышулы іс бойынша сотталған Қайрат Жамалиевтің мерзімінен бұрын түрмеден шығуы неғайбыл

Жоғарғы сот Жамалиевтің рақымшылыққа ілікпейтінін мәлімдеді. Айтуларынша, атышулы бизнесменнің ісіне қатысты сараптама қайта жасалған екен. Жоғарғы сот Жамалиевтың жазасы неліктен жеңілдетілгенін түсіндірді.

  • 24 Маусым 2017
  • 1218
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Сол бойынша, Жамалиев бопсалаған ақша мен көліктердің құны азайып шыға келіпті. Сөйтіп, бизнесменге тағылған «аса ірі көлемде бопсалау» бабы өзгертілген. Мұндай мүмкіндікті құр жібермеген Қайрат Жамалиев бірден жазасын жеңілдету туралы өтініш жазған екен. Судья да келісе қойып, 13 жылды 7 жылға қысқартқан. Оның екі жылын қатаң тәртіптегі колонияда өткізген бизнесмен енді қалған 5 жылын жалпы тәртіптегі қапаста өткізеді.

Естеріңізге салсақ, Қайрат Жамалиев екі жыл бұрын 13 жылға сотталған еді. Дауға себеп болған астаналық бизнесменнің ерке тоқалы. Жас жігітпен көңіл қосқанына ашуланған Жамалиев жандайшаптарымен жабылып сол Әлібиді өлімші етіп сабап тастаған болатын.


Айта кетейік, осы аптада ақпарат құралдары бизнесменнің тіпті алдағы тамыз айында бостандыққа шығуы мүмкін екенін хабарлаған еді. Алайда Жоғарғы соттағылар әзірге мұндай мәселе қаралып жатқан жоқ деп мәлімдеді.