Бұл туралы "Жұлдыздар әлемі" порталы хабарлайды.
4 маусым бойы “КТК” телеарнасынан үздіксіз көрсетіліп келген реалити-шоудың соңғы эфирі көрерменге жол тартпақ.
Бұл хабарды жоба жүргізушілері қатысушылармен және көрерменмен қоштасу сөздерінде жеткізген болатын. Соңғы уақытта әдеп нормаларына жат қылықтар жасап, халықтың қытығына тие бастаған жастар жобасын жабуды сұраған жұрттың қатары артқан еді. Тікелей эфирдегі төбелес, алысып-жұлысқан бойжеткендер мен көңілшек еркектердің әңгімесі көрерменді қажытқаны өтірік емес. “Шынайы” деп айдар тағылған шоудың келесі маусымы болады деген болжам жоқ.