Атышулы мәлімдемелерімен танымал имам «хизбутшылар» мен «ИМ өкілдерін» өлім жазасына кесуді сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атышулы мәлімдемелерімен танымал  имам «хизбутшылар» мен «ИМ өкілдерін» өлім жазасына кесуді сұрады

Атышулы мәлімдемелерімен танымал имам «хизбутшылар» мен «ИМ өкілдерін» өлім жазасына кесуді сұрады

Ташкенттегі «Тинчлик» («Бейбітшілік») мешітінің имам-хатибы Шермурад Тогай тыйым салынған «Хизб-ут-Тахрир» ұйымы мен «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының мүшелерін өлім жазасына кесу керек деп мәлімдеді Facebook парақшасы арқылы.

  • 29 Қараша 2017
  • 349
Фото - Caravan.kz

"Оларды ислам мемлекеттері секілді жазаға кесу керек. Біздің дініміз бен халқымызға қарсы тұратындарды аяудың қажеті жоқ. Олар түрмеде тегін тамаққа, тегін киім киюге, тегін жағдайға үйреніп қалған. Олардан ешқандай пайда жоқ", – деп жазған Facebook'ке ташкенттік имам-хатиб Шермурад Тогай.

Ол пікірге халықтың қамын ойлағандықтан келгенін айтқан.

"Біз әлемде не болып жатқанын көріп отырмыз. Олар Египет мешіттерін жарып жатыр. Тіптен АҚШ президенті Трамп оларды өлім жазасына кесу керек деді. Мен мұны халықтың қамын ойлағандықтан айтып отырмын. Бірақ шешімді ел басшылары шешеді," – дейді Шермурад Тогай.


Соңғы жаңалықтар