Атышулы “Ninety One” тобы жұртты жаңа образдарымен таң қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атышулы “Ninety One” тобы жұртты жаңа образдарымен таң қалдырды

Атышулы “Ninety One” тобы жұртты жаңа образдарымен таң қалдырды

Атышулы Ninety One тобының құрылғанына маусымның 26-сы күні 300 күн толды. Осыған орай, жігіттер шоу-бизнестегі екінші жылдарына жаңа образбен қадам басуды жөн көрген.

  • 27 Маусым 2016
  • 6721
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда аталған топ Moschino брендінің жаңа топтамасын таныстырды. Esentai Mall сауда орталығындағы шараға келген тыңдармандары жігіттердің жаңа образдарын көріп қайран қалды.

Әлем мен Заг шаш түстерін өзгерткен екен. Әлем сарғыш түске бояса, Заг жасыл түсті құп көрген.

Артынша әлеуметтік желілерден суреттерін көрген тыңдармандары түрлі пікір білдірді. Хейтерлердің “орынсыз” пікіріне ашуланған желі қолданушысы түрлеріне назар салмастан, жәй ғана әндерін тыңдауға кеңес берді.


2DD1CE2B-D553-4A0B-A608-1ED10F5983C8_mw1024_mh1024_s

“Қазақтар, жынға тиесіңдер. Әншілердің сырт келбеттеріне емес, тек әндерін бағалауды қашан үйренесіңдер?! Құдай үшін, суреттерін қарамас бұрын олардың әндерін тыңдап алыңдаршы”, – дейді ол.

Мұнымен қатар, желі қолданушылары “Ninety One” тобының суреттерін фотошоппен өңдеп, хейтерлерді әжуалаған.