Атышулы Нұрлан Сабуровтың үстінен Бас Прокуратурға тағы да шағым келіп түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.75
  • 586.77
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атышулы Нұрлан Сабуровтың үстінен Бас Прокуратурға тағы да шағым келіп түсті

Атышулы Нұрлан Сабуровтың үстінен Бас Прокуратурға тағы да шағым келіп түсті

Атышулы әзілкеш Нұрлан Сабуровтың үстінен Бас прокуратураға шағым келіп түсті.

  • 10 Ақпан
  • 1
Instagram/Нұрлан Сабуров

Бұл туралы Caravan.kz хабарлайды.

Ол бұл туралы Facebook парақшасында жазды. Марат Тұрымбетов комиктің былтыр “Вагнер” жауынгерлеріне 10 мотоцикл және 2 миллион рубль жіберіп, көмектескені жайлы ақпараттан кейін Украинадағы соғысты қаржыландыру дерегін тексеруді талап етіп отыр.

“Құзырлы органдар анық-қанығын ашып береді деп ойлаймын. Егер бұл жалған жала болып шықса, ҚР заңына сәйкес жауапкершілік көтеруге дайынмын. ҚР Бас прокуратурасының жауабын күтеміз”, – деп жазды ол.

Марат Тұрымбетов Сабыровтың әрекеті Қылмыстық кодекстің 170-бабы (“Жалдамалылық”) бойынша қарастырылуы мүмкін екенін айтады.