Атышулы оқиға: Қолында баласы бар босқынды шалып құлатқан венгр журналисі сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атышулы оқиға: Қолында баласы бар босқынды шалып құлатқан венгр журналисі сотталды

Атышулы оқиға: Қолында баласы бар босқынды шалып құлатқан венгр журналисі сотталды

Сириялық босқынды шалып құлатқан венгр журналисі Петра Ласло сотталды, - деп хабарлайды Fox News. Оқиғаның видеосы Желіде тарап кетіп, қ

  • 13 Қаңтар 2017
  • 1742
Фото - Caravan.kz

Сириялық босқынды шалып құлатқан венгр журналисі Петра Ласло сотталды, — деп хабарлайды Fox News. Оқиғаның видеосы Желіде тарап кетіп, қоғам тілшінің әрекетін сөккен еді.

Оқиға 2015 жылдың күзінде Сербияның шекарасында болған. Бірнеше оператор жүгіріп өтіп жатқан босқындарды түсіріп жатқан. Осы сәтте Петра Ласлоның қолында баласы бар ер адамды құлатқаны видеоға түсіп қалған. Желі қолданушылары журналистің бұл әрекет арқылы видеоны қызықты еткісі келгенін атап өткен болатын. Алайда ол жұмысынан шығарылып, ісі сотқа жолданған еді.

Сот отырысында Ласлоның адвокаттары әйелдің бұл іс арқылы өзін қорғағысы келгенін айтып, ақтап жатты. Ал журналистің өзі жаппай жүгіріп келе жатқан босқындардан шошып қалғанын айтқан. Ол шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар