Қазақстанда қатты аяздың қайтатын түрі жоқ, жексенбі күні батыс және оңтүстік өңірлерге ығысты, деп хабарлайды Қазгидромет.
"Республиканың барлық аумағына антициклон әсер етіп, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, төменнен соққан боран", —делінген ауа райы болжамында.
Алматы, Жамбыл облыстарында қатты аяз, кей жерлерде өте қатты аяз болады, Оңтүстік Қазақстан облысында қатты аяз, облыстың солтүстігінде өте қатты аяз болады.
Маңғыстау облысында кей жерлерде өте қатты аяз. Қарағанды облысында, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде өте қатты аяз болуы ықтимал.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде бұрқасын 15-20, ұйытқуы 23-28 м/с.
Жамбыл облысында кей жерлерде төменнен соққан боран, тұман, бұрқасын 15-20, ұйытқуы 23 м/с.
Алматы облысы Алакөл ауданында желдің екпіні 18-23 м/с, түнде кей жерлерде тұман.
Солтүстік Қазақстан облысында, түнде Маңғыстау, күндіз Ақмола облыстарында кей жерлерде бұрқасын 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, бұрқасын 15-20 м/с.
Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.