Ауа райы бүгін де құбылмалы болады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауа райы бүгін де құбылмалы болады

Ауа райы бүгін де құбылмалы болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  барлық  аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Республиканың  кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі. Солтүстікте көктайғақ болады.

  • 18 Мамыр 2017
  • 238
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Солтүстік  Қазақстан облысында  жел 15-20 м/с күшейеді. Кей жерлерде желдің екпіні 23м/с болып, жекелеген аудандарында көктайғақ болады. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе  облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді. Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Астана қ: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан  соққан жел солтүстік-батысқа ауысады,, күші 9-14 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +6+8°С, күндіз 
+13+15
°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, кей уақытта  жаңбыр жауады. Желдің күші 2-7, найзағай кезінде желдің екпіні 12 м/с боладыі. Ауаның температурасы түнде +12+14°С, күндіз +15+17°С болады.