Ауа райы тағы да суытады - үш күнге арналған болжам - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауа райы тағы да суытады - үш күнге арналған болжам

Ауа райы тағы да суытады - үш күнге арналған болжам

Алдағы үш күнде елдің солтүстігінде ауа райы тағы да суытады, деп болжады синоптиктер.

  • 1 Маусым 2022
  • 33
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қазгидрометтің мәліметінше, 4 маусымға қарай солтүстік антициклон республика аумағы арқылы жылжи бастайды. Бұл ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне алып келеді.

Түнде және таңертең солтүстік аймақтарда 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада 2 маусымда күндіз плюс 21, түнде 9 градус жылы. Жұмада күн бұлтты +20 градус, түнде 13 градус нөлден жоғары. 4 маусымда жауын жауады, күндіз +20, түнде 11 градус жылы.

Алматыда бейсенбіде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз +24, түнде плюс 16 градус. 
3 маусымда
 да азын-аулақ жауын, күндіз 22, түнде 15 градус жылы. Сенбіде ауа температурасы +23, +15 шамасында.

Шымкентте 2 маусымда күндіз плюс 31, түнде + 18 градус. Жұмада аздаған жаңбыр болады, + 27, түнде +16 градус. 4 маусымда күн ашық, күндіз 29 градус ыстық, түнде +15.

Соңғы жаңалықтар