Ауа райын болжаушылар желтоқсанның екінші жартысында Алматыда қатты суық болады деп болжауда - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауа райын болжаушылар желтоқсанның екінші жартысында Алматыда қатты суық болады деп болжауда

Ауа райын болжаушылар желтоқсанның екінші жартысында Алматыда қатты суық болады деп болжауда

АЛМАТЫ. 30 қараша. Kazakhstan today. Ауа райын болжаушылар желтоқсанның екінші жартысында Алматыда қатты суық болады деп болжауда,-деп хабарлайды Kazakhstan today.

  • 1 Желтоқсан 2006
  • 2932
Фото - Caravan.kz

Желтоқсанның екінші жартысында ауа температурасы түнде 2-7 градусқа, ал күндіз 1-6 градусқа дейін көтеріледі, ал одан кейін ауа райы күрт суытып, түнде 20-25 градус аяз болса, күндіз 14-19 градусқа дейін төмендейді»,-деп Kazakhstan today агенттігіне «Қазгидромет» РМК бас маманы Светлана Аманқұлова хабарлады.

Екінші онкүндіктің соңында ауа температурасы қайта көтеріліп, үшінші онкүндікке таман түнде 5-10 градус суық болса, күндіз 3-8 градус суықты көрсетпек.

Температураның тағы бір төмендеуі үшінші онкүндіктің аяғына қарай болады деп болжанады. Жаңа жыл қарсаңында Алматыда түнгі температура 20-25 градус аязды көрсетсе, күндіз 12-17 градус болмақ.

Желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде түнгі температура 1-6 градустан 7-12 градусқа дейін ауытқыса, күндіз 3-8 градустан 2-7 градус суық аралығында болмақшы.

«Жалпы айдағы орташа ауа температурасы 4,4 градус аязды көрсететін болса, бұл Цельсий бағаны бойынша белгілі межеден 2 градусқа төмен,-дейді Аманқұлова.

Синоптиктердің болжамынша, жауын-шашынның айлық мөлшері нормадан көп болады (норма — 44 мм). Қар айдың бірінші онкүндігінде, екінші және үшінші онкүндіктің 1-ші жартысында жауады деп болжанып отыр,-дейді «Қазгидрометтегілер».

«Тұман желтоқсан айының бірінші онкүндіктің 2-ші, екінші онкүндіктің басы мен аяғында, сонымен қатар, үшінші онкүндіктің аяғында түседі деген болжам бар»,-деп хабарлайды синоптиктер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта