Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді.

  • 2 Желтоқсан 2012
  • 602
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Алматы облысында 30 қараша күні сағат 14:20-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, жол көрінісінің шектелуі) «Үшарал-Достық» автожолының 93-184 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Сонымен қатар сол күні кешкі сағат 20:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, жол көрінісінің шектелуі) «Алматы-Өскемен» жолының 79-170 шақырымында «Қапшағай-Сарыөзек» учаскесінде қоғамдық және жүк автокөліктері үшін жол қозғалысы шектелді. Сонымен қатар бүгін таңғы сағат 09:00 бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, жол көрінісінің шектелуі) «Кеген-Нарынқол» автожолының 41-61 шақырымында «Кеген асуы» бойында, «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» жолының 152-164 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Шығыс Қазақстан облысында 30 қараша күні сағат 21:30-дан бастап Алматы облысындағы жол қозғалысындағы шектеуге байланысты (боран, жол көрінісінің шектелуі) «Алматы-Өскемен» автожолының 683-615 шақырымында «Таскескен бұрылысы-Алматы обл шекарасы» учаскесінде қоғамдық және жүк автокөліктері үшін жол қозғалысы жабылды.