Ауа райының қолайсыздығынан Қарағанды облысында республикалық маңызы бар көлік жолдары жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауа райының қолайсыздығынан Қарағанды облысында республикалық маңызы бар көлік жолдары жабылды

Ауа райының қолайсыздығынан Қарағанды облысында республикалық маңызы бар көлік жолдары жабылды

ҚАРАҒАНДЫ. 20 ақпан. Kazakhstan Today. Ауа райының қолайсыздығына байланысты /қатты желдің жылдамдығы секундына 20 метр, ал температура 25 градустан төмен/ , әрі жолда көру мүмкіндігінің қиындауынан Қарағанды облысында республикалық маңыздағы көлік жолдары жабылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстың ІІД-нің жол полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 20 Ақпан 2007
  • 460
Фото - Caravan.kz

Басқараманың хабарлауынша, облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің келісімімен аймақта 19 ақпанда 11 сағат 35 минутта Астана, Павлодар, Қарқаралы, Жезқазған, Алматы бағыттары бойынша автожолдар жабылды.

Қазіргі кезде облыста көлік қатынасы шектеулі түрде тек — Абай, Теміртау, Шахтинск, Саран қалаларына рұқсат берілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті