«Ауа, жер, су – бәрі уланған»: Белгілі журналист Семей полигоны жайлы сұмдық жайттарды жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ауа, жер, су – бәрі уланған»: Белгілі журналист Семей полигоны жайлы сұмдық жайттарды жайып салды

«Ауа, жер, су – бәрі уланған»: Белгілі журналист Семей полигоны жайлы сұмдық жайттарды жайып салды

Танымал журналист, тележүргізуші Майя Бекбаева Семей ядролық полигоны жайлы тың деректермен бөлісті.

  • 31 Тамыз 2023
  • 110
Фото - Caravan.kz

Айтуынша, ол сол кездегі Кеңес үкіметі жасаған ең жойқын ядролық сынақ жайлы деректі мұрағаттан тапқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Тележүргізушінің сөзінше, жарылыстың жойқын болғаны соншалық, одан жер, су, ауаның бәрі ластанған.

«Осыдан тура 32 жыл бұрын, 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылған еді… Назарларыңызға Семей полигонындағы ең жойқын жарылыс – термоядролық РДС-37 қаруының жарылысы туралы деректі фильмді ұсынамыз. Біз оны кеңес мұрағаттарынан таптық. Себебі халық білуі тиіс! Жылдар бойы қазақ жерін «зорлап» келді. Себебі полигон аймағында бәрі уланды: жер, су, ауа…», — деді журналист.

Өкініштісі, көпшілік арасында полигон запдаптарын шеккендер әлі де көп екені анықталды. Олар аталған жазбаның астында пікір қалдырып, адам шошырлық деректермен бөлісті.


«Бүкіл отбасымызбен соның зардабын шектік, анам жаман аурудан ерте қайтты, біз тым жас күйімізде жетім қалдық», «Семейде бар жоғы екі жыл әскери қызметте болдым, сонда бірге істескен әскерилердің көбі қазір өліп кетті, сау қалғандары ауру», «Мүгедек апам болды, өмір бойы сол үшін күресті, сол зұлмат жылдар талай адамдардың тағдырын талқан етті» деп жазды олар.