Сондай-ақ ауа райының қолайсыздықтарыны байланысты Астанадан Щучинск қаласына дейінгі «Астана-Петропавл» автожолының 18-231 шақырымы барлық көлік түрлері үшін кешеден бері жабық тұр. Қарағанды облысында сағат 10:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдардың көрінбеуі) барлық көлік түрлеріне шектеу «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Қарағанды қаласынан Ақсу-Аюлы ауылына дейінгі 1492-1610 шақырымы жүк және қоғамдық автокөліктер үшін жабылды. Ақмола облысынан Теміртауға дейінгі «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1353-1444 шақырымы және Ақсу-Аюлыдан Балқаш қаласына дейінгі 1610-1854 шақырымы жабық.