Caravan Logo

Аудандық соттың шешімімен Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Корней Изаак рахымшылық аясына ілікті

Аудандық соттың шешімімен Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Корней Изаак рахымшылық аясына ілікті

Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, К.Изаак 2000-2002-жылдар аралығында Қарағанды қаласының әкімі лауазымын атқарған. Қаржы полициясы органдары оның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің қызмет бабын асыра пайдалану жөніндегі 307-бабы, кәсіпкерлікпен заңсыз айналысу жөніндегі 310-баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2004-жылдың 23-ақпанында өткен сот отырысы барысында айыпкер өз айыбын толықтай мойнына алып, сотқа "ҚР тәуелсіздік алуының 10 жылдық мерейтойына байланысты рахымшылық жариялау туралы" заңына сәйкес кешірім жасау туралы арыз түсірді. Сот К.Изаактың өтінішін қанағаттандырды.