Әуе апатынан аман қалған екінші бортсеріктің жұбайы мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әуе апатынан аман қалған екінші бортсеріктің жұбайы мәлімдеме жасады

Әуе апатынан аман қалған екінші бортсеріктің жұбайы мәлімдеме жасады

Алматы маңындағы ұшақ апатында жанқиярлық танытқан экипаж мүшелеріне құрмет көрсетілуі тиіс. Айта кетейік, 27 желтоқсанда "Бек Эйр" әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапқан еді.Опат болғандардың арасында экипаж командирі де бар.

Бұл туралы https://kaz.caravan.kz порталы хабарлайды ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

  • 8 Қаңтар 2020
  • 25
Фото - Caravan.kz

Шахноз Сахованың айтуынша, бір өлімнен аман қалған күйеуі әлі өз-өзіне келе алмай жүр екен. Десе де, қызметін тастауға ниеті жоқ.
Шахноз Сахова – апатқа ұшыраған әуе кемесінің екінші бортсерігі Мұрат Саховтың жұбайы. Жолдасының тірі қалғанына мыңда бір шүкіршілік еткен келіншек ұшақ жерге құлаған сәтте қаннен-қаперсіз үйде болғанын айтады. Апат туралы таңғы тоғызда бір-ақ естіген, оған ең әуелі күйеуінің досы хабарласыпты.
"Ол маған, Шахноз, ұйқыңнан оян, ұшақ құлады деді. Қатты шошып кеттім. Жалмажан жылап жүріп күйеуіме телефон шалдым. Мұрат тұтқаны көтерді де: "Менде бәрі жақсы, жарақат алмадым, сабыр ет. Қазір сөйлесе алмаймын, адамдарды шығарып жатырмыз" деп жауап берді", — дейді Шахноз Сахова. Ол адамдар толық құтқарылғанша, сол жерде болыпты. Шахноздың айтуынша, түс кезінде өңі қуарып үйге жеткен күйеуі қан жұққан киімін ауыстырып, мешітке барыпты. Артынша оны жауап алуға шақырған. Содан бері бірнеше рет тергеушілердің алдына барыпты. Бірақ, апатты өз көзімен көрген Мұрат отбасы ошақ қасында бұл тақырыпқа оралғысы келмейді. Айта кетейік, үш ұл өсіріп отырған бортсерік осы салада 3 жылдан бері қызмет етеді. Ал жолдасының әлі де өз-өзіне келе алмай жүргенін жеткізген келіншек апат кезінде жанқиярлықпен жолаушыларды құтқарған экипаж мүшелері "назардан тыс қалмауы керек" дейді.    "Бір жігіт апат кезінде аяғы ауыр келіншекті денесімен жауып қалған. Оның әрекетіне ерекше сүйсіндім. Кейін оған медаль тапсырғанын көрдім. Сондықтан әйел ретінде күйеуімнен "неге сендер туралы ештеңе айтылмайды" деп сұрадым. Ол мені сабырға шақырғаннан басқа жауап қатқан емес. Ұлдарым әкесін әрқашан мақтан тұтса екен деймін", — деп атап өтті келіншек. Әуе аптынан жүрегі шайлыққан келіншек жолдасынан жұмыс ауыстыруын өтінген көрінеді. Бірақ, бір өлімнен аман қалған Мұрат Сахов қызметінен кетпейтінін айтыпты.

Естеріңізге сала кетейік ұшақ апаты 27 желтоқсан таңғы сағат жетіде болды.



 

Соңғы жаңалықтар