Оның айтуынша, ұшақ апатынан зардап шеккен адамдарға барлық қан тобының донорлары шұғыл түрде қажет.
"Құрметті алматылықтар! Ұшақ апатына байланысты шұғыл түрде барлық қан тобының донорлары керек", — деп жазды ол.
Қанды қайда тапсыруға болады?
Алматыдағы қан орталығы: мекен-жайы: Бұқар Жырау көшесі, 47 үй. Телефоны: 274-31-99
Алматы облысындағы қан орталығы: мекен-жайы: Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 42 үй. Телефоны: +7 (72771) 2 28 04.
Кімдер қан тапсыра алмайды?
Төмендегі дертке шалдыққан адамдар донор бола алмайды:
1. гепатит;
2. бруцеллез;
3. сифилис;
4. Жүрегінде ақауы бар, бронхиальды астма, ВИЧ (АИТВ) дертіне шалдыққандар мен есірткі тұтынушылар, ішімдікке тәуелді адамдар.
Алматы маңындағы ұшақ апаты
Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 07:22-де болды. "Бэк Эйр" әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы Талғар ауданындағы тұрғын үй секторына соғылды.
Ұшақ "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағыты бойынша ұшып шыққан. Әуе кемесі екі қабатты ғимаратқа құлады. Өрт шыққан жоқ.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат 14 адамның өмірін қиды. Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.
Президент тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Оны премьер-министрдің орынбасары басқарады.