Әуе рейстерінің кешігу мәселесі Астана мен Алматы әуежай штабтарында қаралады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әуе рейстерінің кешігу мәселесі  Астана мен Алматы  әуежай штабтарында қаралады

Әуе рейстерінің кешігу мәселесі Астана мен Алматы әуежай штабтарында қаралады

Әуе рейстерінің кешігуі оқиғалары Астана мен Алматы қалаларындағы әуежай штабтарында қаралады.

  • 13 Маусым 2011
  • 362
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Көлік және коммуникация министрі Берік Қамалиев мәлім етті.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің сөзіне қарағанда, депутаттар корпусы мен қоғамдастық тарапынан «Эйр Астана» әуе компаниясының жұмысына қатысты және аталған компания ұшақтарының кешігіп ұшуына байланысты сауалдар түсіп жатады.

Өз кезегінде министр Б. Қамалиев аталған мәселеге байланысты «Эйр Астана» басшыларының, көлік прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен тиісті кеңес өткізілгенін айтып өтті. «Әуе рейстерінің әр кешігуі оқиғасы тиісті штабтарда қаралады. Бұл штабтар Астана мен Алматы қалаларындағы әуежайларда құрылады. Осы мәселе бойынша тиісті шаралардың жоспарын құрамыз»,-деді Б. Қамалиев.

Министр, рейстердің кешігуіне байланысты әуе компанияларының басшыларын жауапқа тарту ұсынысы жайында айтып өтті. «Сонда ғана біз жауапкершілікті арттыра аламыз»,- деді ведомство басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 3 маусымда Астананың келешектегі дамуына арналған кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Эйр Астана» әуе компаниясының жұмысын сынға алған болатын. Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, 2009 жылы аталған әуе компаниясының әр сегізінші рейсі уақытынан кешеуілдеген. Ал 2010 жылы әр 6-шы рейс кешігіп ұшқан. Яғни, бұл 1,5 мың бортқа жетіп отыр. Осыған байланысты Президент Көлік және коммуникация министрлігіне аталған мәселені қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар