Әуеден 100-ден аса паршютпен секірген десантшы Мемлекет басшысының наградасын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әуеден 100-ден аса паршютпен секірген десантшы Мемлекет басшысының наградасын алды

Әуеден 100-ден аса паршютпен секірген десантшы Мемлекет басшысының наградасын алды

Алматы әуежайында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері Мемлекет басшысының қолынан жоғары наградаға ие болған әуе-десанты дайындығы жөніндегі нұсқаушы лейтенант Балжан Мұсатаева салтанатты жағдайда қарсы алды.

  • 9 Наурыз
  • 7
Фото: Қорғаныс министрлігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Балжан Мұсатаеваға Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденін табыс етті. Бұл сыйлық оған ерекше еңбегі, ерлігі мен Отанға деген адалдығы үшін берілді. 

Фото: Қорғаныс министрлігі
Әріптестері лейтенант Мұсатаеваны қошеметпен қарсы алып, гүл шоқтарын сыйлады. Құрмет қарауыл ротасы салтанатты шараның сәнін келтірді.

— Бұл марапат менің ғана жетістігім емес. Мен оны еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға өз үлесін қосқан Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлері мен Қарулы күштерінің барлық әйелінің жанқиярлық еңбегін бағалау деп есептеймін, — деді Балжан.

Балжан Мұсатаева — парашют жүйесін ұшыру желісінде өз бетінше жұмыс істеуге, сондай-ақ оны бақылау мен тексеруге құқығы бар Десанттық-шабуылдау әскерлеріндегі әуе-десанты даярлығын жүргізетін бірден-бір әйел нұсқаушысы. Ол жүзден аса әуеден парашютпен секірген. 

Перейти к новостям спорта