Әуесқой боксшылар Олимпиадада шлемсіз рингке шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әуесқой боксшылар Олимпиадада шлемсіз рингке шығады

Әуесқой боксшылар Олимпиадада шлемсіз рингке шығады

AIBA Олимпиадаға қатысушы боксшылардың спорттық киіміне өзгеріс жасамақ.

  • 26 Шiлде 2016
  • 487
Фото - Caravan.kz

Риода ер боксшылар Мәскеу Олимпиадасынан кейін бірінші рет рингке шлемсіз шығады. Енді әуесқой боксшылар майкасынан да айырылуы мүмкін.

«Біз майканы әуесқой рингтен алып тастау жөніндегі ұсынысты қарастырып жатырмыз», – деді AIBA бақарушы комитетінің өкілі Reuters агенттігіне, — «Шешімді AIBA құзырлы комитеті мен орындаушы комитет қабылдауы керек, содан кейін біз бұл мәселені Халықаралық Олимпиада Комитетіне (ХОК) ұсынамыз».

Кәсіпқой боксшылардан айырмашылығы сол, әуесқой боксшылар үнемі майка киіп жүретін. Осыған дейін соққы жасалғанын сезетін электродтары бар «ақылды майкаларды» әуесқой бокске енгізу жайлы сөз қозғалған болатын. Бірақ кейіннен бұл ұсыныс қарастырылмады.

AIBA Президенті Ву Чинг-Куо 2011 жылы былай деп айтқан болатын: «Біз әуесқой боксшылардың майкасын қалдыруымыз керек. Себебі, майкада елдің аты жазылып тұрады». Бірақ одан кейін, әуесқой бокс ережелері біршама өзгеріске түскен болатын.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера