Онда ел намысын қорғаған 3 спортшының арасынан Әуез Елубаев қазір жартылай финалда ресейлік Ярослав Винокурмен сайысқа түсіп жатыр. Ә. Елубаев бұл сында жеңіске жетсе ақтық сында Ресейдің Қазан қаласының тумасы Эйнар Замаллев пен Украинаның Харьков қаласынан келген Александр Паламарь арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі. Семейлік бильярдшы бұған дейін ресейлік Сергей Горысловецті 7:4, ал оның келесі бір отандасы Илья Киричковты 7:3 есебімен ұтқан болатын. Ал оның командалас серіктерінен Ернар Шымбаев алғашқы сында украиналық Александр Паламарьға 2:7, Қаныбек Сағындықов ресейлік Юрий Пащинскийге 5:7 есебімен есе жіберіп, 9-15 орындарға ғана таласуға мүмкіндік алған еді.