Әуежайлар жұмысын тоқтатып жатыр: Windows жүйесінде әлем бойынша ақау пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әуежайлар жұмысын тоқтатып жатыр: Windows жүйесінде әлем бойынша ақау пайда болды

Әуежайлар жұмысын тоқтатып жатыр: Windows жүйесінде әлем бойынша ақау пайда болды

Операциялық жүйенің әлем бойынша істен шығуы түрлі салаға әсер етіп жатыр. Әуежайлар, банктер, телеарналар, ірі компаниялар және т.б. жұмысын тоқтатуға мәжбүр

  • 19 Шiлде
  • 15
© Sputnik / Максим Богодвид

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әлем бойынша Windows құрылғыларында жаппай ақау пайда болды. Салдарынан әуежайлар, авиакомпаниялар, ауруханалар, банктер жұмысында мәселелер туындады, деп хабарлайды Риа Новости.

Аустралия билігі елдің әуежайларына, банктеріне және мемлекеттік мекемелеріне әсер еткен техникалық ақауға байланысты төтенше дағдарыс жиналысын өткізді.

Лондонның Гатвик әуежайы жолаушыларға Microsoft жүйесіндегі ақауға байланысты рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті.

Үндістандық IndiGo, SpiceJet және Akasa Air әуе компаниялары рейстерге жолаушыларды брондау және тіркеу үшін пайдаланылған бағдарламаларда ақаулар пайда болғанын хабарлады.

Еуропада техникалық ақауларға байланысты Прага әуежайында 6 рейс кейінге қалдырылды.

Ақаулар Ұлыбританиядағы медициналық мекемелерде де қиындықтар туғызды.

Еуропалық комиссия авиакомпаниялар, байланыс операторлары мен банктердің жұмысының тоқтауына әкеп соққан жаһандық техникалық ақауға қатысты түсініктеме бермейді, деп хабарлады РИА Новостиге комиссия өкілі.

«Біз бұл туралы түсініктеме бермейміз», — деді аеуропалық комиссия өкілі РИА Новостиге.

Бұған дейін халықаралық CrowdStrike технологиялық компаниясы бүкіл әлемде Windows жүйелеріне әсер еткен күрделі мәселеге қатысты техникалық ескерту жариялады.

Windows жұмысындағы ақау ресейлік авиакомпанияларға әсер еткен жоқ. Өйткені олар ресейлік бағдарламаға әлдеқашан көшкен.

Windows жүйесінің әлем бойынша істен шығуы ресейлік атом электр станцияларының жұмысына да әсер еткен жоқ. «Росэнергоатом» концерні импортқа тәуелсіз бағдарламамен жұмыс істейді, деп хабарлайды концерн РИА Новостиге.