Әуезхан Қодар көзі тірісінде ешқашан қазақтың мүддесіне қарсы шықпаған - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әуезхан Қодар көзі тірісінде ешқашан қазақтың мүддесіне қарсы шықпаған

Әуезхан Қодар көзі тірісінде ешқашан қазақтың мүддесіне қарсы шықпаған

 

  • 11 Шiлде 2016
  • 1309
Фото - Caravan.kz

«Мені қазақ тілінің болашағы қатты алаңдатады», — деген болатын Әуезхан Қодар Caravan.kz тілшісіне берген соңғы сұхбатында.

Белгілі жазушы, ақын, мәдениеттанушы әрі аудармашы Әуезхан Қодардың мезгілсіз дүниеден өткеніне екі күн өтті.

Танымал қаламгер иесінің орыс және қазақ тілдерінде көптеген көркем шығармалары жарық көріп, бірқатарының шет тілдеріне аударылғаны мәлім. Ол қазақ және орыс тілдерінде жазатын билингвалист және ұлттық классиканың аудармашысы ретінде танымал.

Әйтседе, осыдан бірнеше жыл бұрын Әуезхан Қодарды бірқатар ақпарат құралдары "қазақстандық ұлт" құбыжық идеясын қолдаушы, орыс ұлтының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаушы, деген мағында мақалалар жариялады.

Осылайша оның «билiкте орыстың саны тым аз және орыс тiлiнде дәрiс беретiн мектеп­тердiң саны үнемi азайып келедi», деген сөздерін мысалға келтірген еді.

Дегенмен, бұл жағдай, танымал жазушының тұлғасына көлеңке түсіре алмады. Ол әр кезде қазақ ұлтының мүддесі үшін еңбек етті және оны ешкім жоққа шығара алмайды. Мәселен, осыдан екі апта бұрын ғана Әуезхан Қодар «үш тұғырлы тіл идеясына» қатысты өз пікірін білдіргенді.

Көзі тірісінде жарияланып үлгермеген сұхбатта, белгілі қаламгер аталған идеяға мүлдем қарсы екенін айтқан болатын.

«Мен бұл идеяны қолдамайын.Өйткені оны асығыс шешім деп санаймын. Бұған қоса ол білім беру жүйесіне әлдеқандай дүрмек әкелетін сияқты. Бұл реформа ең алдымен қазақ тілінің дамуына қайшы. Қазақ тілінде білім беруге кедергі болады», деген еді жазушы.

Ол сондай-ақ, бастауыш сыныптарда барлық пәннен бір ұстаздың ғана сабақ бергеніне қарсы болды. Өйткені оның айтуынша, елімізде әр пәннің өз мамандары жеткілікті және олар сапалы білім бере алады. Осылайша, Ә. Қодар бұл реформаны керісінше теріс жағынан басталғанын айтқан.


«Әрине, ағылшын тілін білу керек, белгілі бір мөлшерде орыс тілін де меңгерген дұрыс. Бірақ, басты бағыт қазақ тілі болу керек. Өйткені біз қазақстандықтармыз. Бұл қазақтардың Отаны. Бізге өзге тілдің тарихынан көрі, өз тіліміздің болашағы маңызды»,-деген болатын Әуезхан Қодар.

Соңғы сұхбатында жазушы, өзін қазақ тілінің болашағы қатты алаңдататыны әрі кемінде он жасқа дейін бала өз тілінде білім алу қажеттігін жақтайтынын жеткізген болатын.

«Мен кішкентай кезімде қазақ тілінде сөйлеп өстім. Бірақ, кейін Ресейге кеттім де ол жерде орыс тілін жетік меңгердім. Әйтседе, қазақ тілін ұмытқан жоқпын. Ал, елге келгенде оны тез қалпына келтіріп алдым. Сондықтан, бала кезде өз тілінде алған білім өте маңызды»,- деп аяқтаған еді жазушы өз сұхбатын.

 

Перейти к новостям спорта