Ауған полициясы елдегі қауіпсіздік үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға әзір - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауған полициясы елдегі қауіпсіздік үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға әзір

Ауған полициясы елдегі қауіпсіздік үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға әзір

Ауғанстанның құқық қорғау орындары елде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді өз мойнына алуға толық дайын. Бұл туралы жұма күні өткен баспасөз мәслихатында үкімет өкілі Ашраф Ғани Ахмад мәлім етті.

  • 1 Шiлде 2011
  • 371
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, халықаралық коалиция жауапкершілікті жергілікті полицейлерге тапсыруға дайындалып жатыр.

«Тәуелсіз Ауғанстан — әрбір ауғандықтың мақсаты және әлемдегі тұрақтылық кепілі», — деп атап өтті ол.
А.Ғ.Ахмадтың айтуынша, биылғы жылдың 14-і мен 21-і аралығында Бамиан провинциясы, Вилайят Панджшер мен елдің солтүстік-шығысында бақылау жергілікті полиция қолына өтеді.
Бұл процесс 2014 жылы аяқталады.

Соңғы жаңалықтар