Ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері Шымкенттегі оқиғаларға қатысы жоқ екенін мәлімдеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері Шымкенттегі оқиғаларға қатысы жоқ екенін мәлімдеуде

Ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері Шымкенттегі оқиғаларға қатысы жоқ екенін мәлімдеуде

Ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері Шымкентте болған "Әділетті Қазақстан үшін" қозғалысының облыстық құрылтай конференциясына қатысушыларға шабуыл жасау оқиғаларға қатысы жоқ екенін мәлімдеуде. Бұл туралы бүгін, 11-мамырда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Жауынгерлік бауырластық" одағының президенті Сергей Пашевич мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Мамыр 2005
  • 675
Фото - Caravan.kz

Қазақстандағы ардагерлік ұйымдардың жетекшілері құқық қорғау мекемелеріне жолдаған хатында да осындай мәлімдеме жасады. Сонымен бірге Ауған соғысының ардагерлері күш құрылымдарының басшыларынан «Қазақстандағы демократиялық күштердің жетекшілеріне қарақшылық шабуыл жасаушылар мен оны ұйымдастырушыларды тез арада тауып, заңға сәйкес жазалауды» сұрады.

Ардагерлік ұйымдардың жетекшілері «Жастар орталығы» ҚКК-ның директоры Мұхтар Мұхамбетжанның кешегі мәлімдемесін жоққа шығарып, соғыс ардагерлерінің қоғамдық бірлестіктерінің Шымкенттегі оқиғаларға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, М.Мұхамбетжан Шымкенттегі наразылық шарасына жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың 50 белсендісі, соның ішінде Ауған соғысының ардагерлері атсалысты деп мәлімдеген болатын.
Ардагерлер ұйымдарының өкілдері осы орайда сол ауған соғысының ардагерлеріне қаратып тағы мәлімдеме жасап, «абай болуға, интернационалист-жауынгердің ардақты аты мен атағын террор саясатын жүргізуге және қоғамды қорқытып-үркіту мақсатында пайдалануға жол бермеуге шақырды».

Перейти к новостям спорта