Жарияланды: 450

Ауғандық тәліптер бомбаны залалсыздандырушы фирманың 33 қызметкерін ұрлап әкетті

Ауғандық "Тәлібан" радикалды қозғалысының содырлары елдің батысында Фарах провинциясында бомбаларды залалсыздандырушы фирманың 33 қызметкерін ұрлап әкетті, деп хабарлады ЭФЭ агенттігіне провинция губернаторы Накиб Фарахи.

Тәліптер саперлерге шабуыл жасаған кезде екі көлікті өртеген. Ұрланған адамдар DATA фирмасында жұмыс істейтін. Тәліптердің өкілі Забиула Муйяхид бұл оқиға бойынша түсініктеме беруден бас тартты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін