8 тамызда кешкісін "235 адам, соның ішінде балалар мен әйелдер босатылды. Оларға ақсақалдар мен провинция шенеуніктері араша түсті", — деп хабарлады провинция губернаторының ресми өкілі Забиулла Амани AFP ақпарат агенттігіне. "Олар Сари-Пуль қаласына аман-есен жеткізілді", — деді Амани.
Арнайы қызметтегі дереккөздің AFP агенттігіне хабарлауынша, Мирза Оланда шамамен 100 шақты адамды кепілде ұстап отыр. Бұл ауыл өткен демалыс күндері содырлар басып алған Сари-Пуль ауданында орналасқан.
Жергілікті шенеуніктердің мәліметі бойынша, "Талибан" мен "Ислам мемлекеті" содырлары бірлесіп жасаған шабуылдан бұл ауылдың 50-ге жуық тұрғыны қаза тапты. Содырлар мен жергілікті үкімет жасағы екі тәулік бойы соғысты. Содырлар шамамен 150 отбасыны кепілге алған.