«Қазақстан Ауғанстанның ШЫҰ-ға мүшелікке кіруіне көмектесе алады», — деді А.Масуд «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында.
«Қазақстан — Ауғанстандағы ахуалды бейбіт жолмен реттеуге ықпал ете алатын мемлекет», — дейді саясаткер.
Оның айтуынша, Қазақстан Ауғанстанға жанар-жағармай, астық пен өзге де азық-түлік тауарларын жеткізу мәселесін ретке келтіре алады.
«Әсіресе, Ауған жастарын Қазақстанда оқытудың маңызы зор. Бұл игі іс басталып та кетті», — деп атап өтті А.Масуд.